Aeg-Electrolux 41005VD-MN User Manual Page 41

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 76
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 40
Іске қосу барысында сақталуға тиіс сақтық шаралары
Бұл құрылғы үйде тағам пісіру, қуыру үшін қолдануға арналған.
Электр құрылғыларын жақын жердегі розеткаға қосқан кезде абай
болыңыз. Құрылғыны орнатып немесе орнынан жылжытып жатқанда,
оның сымдарының құрылғының арт жағында басылып немесе
жаншылып қалмауына көз жеткізіңіз.
Ескерту: Күйіп қалу қауіпі бар! Құрылғы іске қосылып тұрған кезде қызып
кетеді. Іске қосылып тұрған пештің үстіне немесе ішіне қол тигізбеңіз.
Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне
не пеш жұмысына қатысты тәжірибесі мен білімінің аздығына
байланысты пайдалана алмайтын адамдар (балаларды қоса алғанда),
пешті пайдалану туралы ерекше нұсқауларды алмайынша не өз
қауіпсіздігін қамтамасыз етеін адамның қадағалауынсыз
пайдаланбауға тиіс.
Құрылғыны электр желісінен ағытыңыз да, жөндеу жұмыстарын жүзеге
асыру үшін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғыға зақым келмес үшін абай болыңыз
Шыны керамика беті бүлініп қалған құрылғыны ешқашан іске қоспаңыз.
Сұйық тасып төгілсе, немесе тазалап жатқан кезде өтіп кетсе кернеулі
электр бөлшектеріне тиіп кетуі мүмкін.
Қақпақ, пышақ және қасық тәрізді темір заттарды ешқашан пештің
үстіне қоймаңыз. Пісіру алаңы кездейсоқ қосылып кетсе, үстіне
қойылған заттар ысып кетуі мүмкін.
Фри қуырғыш құрылғыны, еріп жатқан май немесе басқа да тез
тұтанғыш заттарды қараусыз қалдыруға болмайды. Өрт шыққан кезде,
құрылғыны өшіріп, желдеткішін сөндіріңіз. Өртті кәстрөл қақпағымен
сөндіріңіз, оны ешқашан сумен сөндіруге болмайды.
Керамика шыныны аса ұқыптап ұстау керек. Мысалы, брэнди немесе
басқа алкоголь заттар тұтанса, желдеткіште май жолақтарын
қалдырып, өрт қатерін тудырады. Сонымен қатар, жалын, тұтанған
майдың шашырандылары адамдарды жарақаттауы мүмкін.
Ыдыстар мен кәстрөлдердің астыңғы жақтарын тексеріп алыңыз.
Табаны сыртқа қарай шығыңқы келген ыдыстар пештің керамика
бетінде сырғып кетуге бейім тұрады.
Пеш ішінде ешқандай тұтанғыш затты сақтамаңыз. Бұл пешті қосқан
кезде тұтануы мүмкін.
Ескерту! Алкоголь және басқа да жарылғыш газ түзетін сұйықтарды не
өрт шығаратын немесе жарылыс тудыратын заттарды пеште
пайдалануға болмайды.
Химиялық заттарды немесе тазалағыш заттарды суырмаға салып
сақтауға болмайды.
Құрылғыны электр желісінен ағытыңыз да, жөндеу жұмыстарын жүзеге
асыру үшін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
41
Page view 40
1 2 ... 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 ... 75 76

Comments to this Manuals

No comments