Aeg-Electrolux 41005VD-MN User Manual Page 69

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 76
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 68
Назарыңызда болсын!
Пеш есігінің шыны панелі жылы күйде тұрғанда есікті ешқашан
тазаламаңыз. Егер бұл сақтық шарасы сақталмаса, шыны панель сынып
кетуі мүмкін.
Пеш есігінің шыны панелінің бір жері сынса не оған терең сызат түссе
шынысы босап қалатындықтан, сынып қалмай тұрып ауыстыру қажет.
Жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласып, осыдан кейін қандай
шара қолдану қажеттігі туралы кеңес алыңыз.
Алынбалы суырма
Бұл суырма пеш қуысының астында орналасқан.
Назарыңызда болсын!
Пешті ұзақ уақыт іске қосып тағам пісірген кезде бұл суырма ысып кетуі
мүмкін. Пешке арналған қолғап, шай сүлгілері, пластик алжапқыш т.б.
тұтанғыш заттарды суырмада сақтамау керек.
Пісіруге арналған қаңылтыр тәрізді пеш жабдықтары да ысып
кететіндіктен, пеш пайдаланылып не әлі де ыстық күйде тұрғанда бұл
заттарды суырмадан сақтықпен алған жөн.
Қалай ашу қажет:
суырманың түп жағынан ұстаңыз да, тартып шығарып алыңыз.
суырманы алу үшін тоқтағанынша сырғытып шығарып, содан соң
ақырын жоғары көтеріп барып пештен толықтай шығарып алыңыз.
Осы әрекеттерді кері тәртіпте орындау арқылы суырманы қайта
орналастырыңыз.
Пешті жарықтандыру
Назарыңызда болсын!
Электр қатеріне ұшырау қаупі бар! Пештің шамын айырбастамас бұрын:
Пешті ажыратыңыз.
Құрылғының электр желісінен ағытылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Сымы бар құрылғылардың сымын ашасынан тартып алыңыз.
Басқа құрылғыларды әмбебап айырып-қосқышы арқылы өшіріңіз.
Пештің жарықтандырғыш шамы және оның шыны қалпағы сынып қалмас
үшін пеш еденіне мата төсеңіз.
Пештің жарықтама шамын айырбастау/шыны қақпағын тазалау
Күту менен тазалау
69
Page view 68
1 2 ... 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76

Comments to this Manuals

No comments