Aeg-Electrolux B98203-5-M Recipe Book Page 21

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 36
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 20
жартысын ыдысқа таратып салыңыз да, үстіне үгітілген ірімшіктен
шамалап себіңіз. Осының үстіне қалған картоп тілімдерін салып, үгітілген
ірімшіктің қалғанын таратып себіңіз. Сарымсақтың екінші түйірін жаншып,
жұмыртқа, сүт және кілегеймен бірге шайқаңыз. Қоспаны картоптың
үстіне құйыңыз да, қалған сары майды ұсақ кесектерге бөліп гратиннің
үстіне таратып салыңыз.
FARMER BREAD
Құрамы:
400 г 1-ші сұрыпты ұн
150 г қарабидай ұны
10 г тұз
20 г ашытқы
200 г сүт
200 г су
Қара бидай нанын дайындау үшін 1-ші сұрыпты ұнның орнына бидай ұнын
қолдануға болады.
Дайындау әдісі:
Ашытқыны сұйықтыққа езіңіз де, қалған құрамдас бөліктерді қосып,
серпімді қамыр илеңіз. Қамыр көтерілуі үшін оны 30-40 минут тындырып
қойыңыз, осы уақыт ішінде қамырды 2-3 рет илеңіз.
Дайындау
Қамырды екіге бөліп, оларды домалақтаңыз да, көтерілуі үшін үстін жауып
20 минутқа тындырыңыз. Пісірмес бұрын қамырға аздап ұн себіңіз де,
үстінен өткір пышақпен тереңдігі 3 мм айқастап сызыңыз.
WHITE BREAD
Құрамы:
1000 г ұн
1 текше жас ашытқы немесе 2 қапшық құрғақ ашытқы
600 мл сүт
15 г тұз
Дайындау әдісі:
Үлкен шараға ұн мен тұзды салыңыз. Ашытқыны жылымшы сүтке езіңіз
де, ұн қосыңыз. Құрамдас бөліктердің барлығын қамырға қосып илеңіз.
Ұнның сапасына қарай, қамырды керегінше илеу үшін тағы біраз сүт керек
болуы мүмкін. Қамыр екі есе үлкейгенше тындырып қойыңыз. Қамырды
екіге бөліп, екі ұзын кесек жасаңыз, содан кейін оларды майланған және
пергамент қағаз төселген пісірме табаққа салыңыз. Қамыр кесектері бір
жарым есе үлкейгенше оларды тағы тындырыңыз. Пісірмес бұрын
олардың үстіне ұн сеуіп, өткір пышақпен тереңдігі кем дегенде 1 см 3-4
көлбеу кесік жасаңыз.
YEAST PLAIT
Қамыр үшін:
500 г ұн
20 г ашытқы
Қолданылуы, кестелер және кеңестер
21
Page view 20
1 2 ... 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 ... 35 36

Comments to this Manuals

No comments