Aeg-Electrolux B98203-5-M Recipe Book Page 22

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 36
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 21
200 мл жылы сүт
40 г қант
•тұз
5 жұмыртқаның сарысы
200 г жібіген сары май
Толтырма үшін:
180 г ұсақталған грек жаңғағы
20 г нанның жұмсағы
1 шай қасық ұнтақталған зімбір
50 мл сүт
60 г бал
30 г еріген сары май
20 мл ром
Беткі қабаты үшін:
1 жұмыртқаның сарысы
Шамалы сүт
50 г бадам үлпектері
Дайындау әдісі:
Ұнды араластыратын шараға елеп, ортасынан шұңқыр жасаңыз.
Ашытқыны кесіп, оны сүт және біраз қантпен сол шұңқырға салыңыз да,
шұңқырдың шетіндегі ұнмен араластырыңыз, содан кейін үстіне ұн сеуіп,
жылы жерде себілген ұнда жарықшалар пайда болғанша тындырып
қойыңыз. Қалған қантты ұнның шетіне салыңыз. Құрамдас бөліктердің
барлығын ашытқылы қамырға қосып илеңіз. Қамырдың көлемі екі есе
үлкейгенше жылы жерге қойыңыз. Толтырмаға арналған барлық
құрамдас бөліктерді араластырыңыз. Қамырды үш бірдей бөлікке бөліңіз
де, ұзын төртбұрыш етіп илеңіз. Толтырманың үштен бірін жайылған
қамырдың әрқайсысына таратып, барлығын бірге қосып илеңіз.
Қамырдың үш бөлігінен өрме жасаңыз. Өрменің бетіне жұмыртқаның
сарысы мен сүттің қоспасын жағып, содан кейін бадам үлпектерін себіңіз.
PRESERVING
Өшемі бірдей әдеттегі консерві банкаларын пайдаланыңыз.
Бұрамалы немесе байонет ағытпалы қақпағы бар банкалар мен металл
қалбырларды пайдаланбаңыз.
Астынан санағанда бірінші сөре деңгейін пайдаланыңыз.
Пісірме табақты пайдаланыңыз. Оған ең көбі алты 1 литрлік банка қоюға
болады.
Барлық банкаларды бір деңгейге дейін толтырып, оларды дұрыстап
жабыңыз.
Банкаларды сөреге қойып, олар бір-біріне тимейтініне көз жеткізіңіз.
Пеште жеткілікті ылғалдылықтың болуын қамтамасыз ету үшін жайпақ
пісірме табаққа шамамен жарты литр су құйыңыз.
Сұйықтық банкаларда ақырындап қайнай бастаған кезде (1 литрлік
банкалар үшін шамамен 35-60 минуттан кейін) пешті өшіріңіз немесе
температураны 100°C-қа дейін төмендетіңіз (кестені қараңыз).
22
Қолданылуы, кестелер және кеңестер
Page view 21
1 2 ... 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 ... 35 36

Comments to this Manuals

No comments