Aeg-Electrolux B98203-5-M Recipe Book Page 29

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 36
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 28
пісірме табаққа салыңыз. Түбін шанышқымен тесіңіз. Беконды қамырдың
үстінен жайып салыңыз. Толтырма жасау үшін жұмыртқа, қаймақ пен
дәмдеуіштерді қосып араластырыңыз. Содан кейін ірімшік қосыңыз.
Толтырманы беконның үстіне құйыңыз.
LASAGNE
Ет тұздығы:
100 г шошқаның майлы төс еті
1 пияз бен 1 сәбіз
100 г балдыркөк
2 ас қасық зәйтүн майы
400 г туралған ет
100 мл ет сорпасы
1 шағын қалбырдағы туралған қызанақ (шамамен 400 г)
Орегано, тасшөп, тұз және бұрыш
3 ас қасық сары май
250 г жасыл лазанья
50 г үгітілген пармезан ірімшігі
150 г үгітілген эмменталь ірімшігі
Бешамель тұздығы:
75 г сары май
50 г ұн
500 мл сүт
Тұз, бұрыш және мускат жаңғағы
Дайындау әдісі:
Өткір пышақпен шошқа етін қыртысы мен шеміршектен тазартып, ұсақ
текшелеп тураңыз. Пияз бен сәбізді аршып, балдыркөкті тазалаңыз,
көкөністің бәрін ұсақтап тураңыз. Кәстрөлге өсімдік майын қыздырып,
шошқа еті мен туралған көкөністі араластыра отырып қуырыңыз.
Туралған еттен біртіндеп қосып, араластырып қуырыңыз да, ет сорпасын
қосыңыз. Ет сорпасына қызанақ езбесі, шөптер, тұз бен бұрыш қосып,
қақпақты жауып әлсіз жанған отта шамамен 30 минут қайнатыңыз. Ол
қайнап жатқан кезде бешамель тұздығын дайындаңыз. Ол үшін сары
майды табада ерітіңіз де, ұн қосып, сарғылт тартқанша араластырыңыз.
Үзбей араластыра отырып біртіндеп сүт құйыңыз. Тұздыққа тұз, бұрыш
пен мускат жаңғағын қосыңыз да, қақпағын жаппай шамамен 10 минут
қайнатыңыз. Пешке төзімді төртбұрышты үлкен ыдысты 1 ас қасық сары
маймен майлаңыз. Қабаттарын бірінен кейін бірін келтіріп паста қамырын,
ет тұздығын, бешамель тұздығын және араласқан ірімшікті ыдысқа
салыңыз. Ірімшік себілген бешамель тұздығының қабаты соңғы қабат
болуға тиіс. Қалған сары майды ұсақ кесектерге бөліп лазаньяның үстінен
салыңыз.
CANNELLONI
Толтырма:
50 г туралған пияз
30 г сары май
Қолданылуы, кестелер және кеңестер
29
Page view 28
1 2 ... 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36

Comments to this Manuals

No comments